Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халықСпорт

ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫНДА ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ

Токиода өтетін Олимпиада ойындарында Ел намысын 6 дзюдошы қорғайды. Халықаралық дзюдо федерациясы олимпиадалық рейтингке сәйкес жолдама алған дзюдошылар тізімін жариялады. Бұл тізімде Түркістан облысының саңлағы 81 келіде күш сынайтын Дидар Хамза да бар. Естеріңізге сала кетейік, бұл жолдаманы құрлықтық квота бойынша иеленді.
Сонымен түркістандық спортшылар қоржынында 5 жолдама.
Атап айтсақ: Бокстан Сәкен Бибосынов, байдаркада есуден Наталья Сергеева, академиялық есуден Владислав Яковлев және параканоэден Бибарыс Спатай. Санаулы күндерден кейін Жапонияның Токио қаласында алауы жанатын жазғы олимпиада ойындарында жерлестерімізге жеңіс тілейміз.

 

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ТАРИХИ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ ДӘРІПТЕЙТІН ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТҮРДЕГІ ҚЫЗМЕТТІҢ ҮЛЕСІ 86 ПАЙЫЗДАН АСТЫ

admin

ЫНТЫМАҚ КӨШЕСІНЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin