ОРДАБАСЫ АУДАНЫНА ҚАРАСТЫ КӨШЕЛЕРДІҢ ЖОЛ САПАСЫНА БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің төселген жолдардың сапасы мен қауіпсіздігін арттыруды көздейтін кезекті мониторинг жұмыстары Ордабас ауданы, Қайнар және Темірлан ауылдық округтеріне қарасты көшелерге жүргізілді.

Зерделеу жұмыстарына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасының басшысы Ғ. Жүндібаев пен «Түркістан — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Д.Хұсаин, «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Түркістан облыстық филиалының өкілдері Ф. Джуланов пен Е. Сапарбеков, мердігер компанияның басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Кешенді мониторингтік бақылау жұмыстары барысында жол құрылысының талаптары тексеріліп, жылжымалы жол зертханалық көлігі арқылы Қайнар ауылына қарасты Ешимов, Жангелдин көшелеріне және Темірлан ауылдық округіндегі Рахиев көшесіне төселген жолдардың құрамы мен стандарты сараланып, салынған асфальт бетон жамылғысынан кесінділер алынды.

Мониторинг жұмыстарының нәтижесінде, Ешимов көшесінің аяқ жол жабындысында бүйірлік тастардың жылжуы мен жол жиегінің бұзылу деректері және Рахиев көшесінің асфальт бетон жабысындысының шөгуі мен жабынды қалыңдығының талапқа сай келмейтіндігі анықталды.

Анықталған ақауларды жою бойынша акт түзіліп, жергілікті атқарушы органдар мен мердігер мекеме басшыларына қайта қалпына келтіру бойынша Департамент тарапынан нақты ұсыныстар берілді.

Айта кетсек, алдағы уақытта да Түркістан облысына қарасты барлық қала/аудандардың жолдары жиі бақылауға алынып, «Сапалы жол» жобасы аясында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына жылжымалы жол зертханалық көліктері арқылы мониторинг жұмыстары жүйелі түрде жүргізілетін болады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.