Шымкентте заңсыз саудаға тиым салынды

Еңбекші АПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторлары аудан аумағындағы белгіленбеген орындарда сауда жасаушыларға кезекті бақылау жұмыстарын жүргізді. Рейд барысында 18 шағынауданындағы көше бойында белгіленбеген орында ретсіз сауда жасап тұрған азамат анықталды.

Әкімшілік аумаққа жауапты учаскелік полиция инспекторлары ретсіз саудамен айналысып жүрген азаматтарға профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ескерту жасады. Қалаға жақын елді мекеннен келіп сауда жасаушыларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың негізгі баптары түсіндіріліп, қала аумағындағы базарлар мен жәрмеңкелердегі орындарда сауда жасау керек екені ескертілді.

Ал заңды талапқа бағынбай бірнеше рет әкімшілік құқық бұзған азаматтарға ҚР ӘҚБтК — нің  204-бабы (Белгiленбеген орындарда сауда жасау)  бойынша хаттама толтырылып, әкімшілік шара көрілді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.