Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкентте «қызыл диплом» алып беремін деген алаяқ ұсталды

2021 жылдың 30-маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, белгісіз тұлға «қызыл диплом» алып беремін деп, 50.000 теңге ақшасын алып, осы күнге дейін өз уәдесін орындамай жүргенін көрсеткен.
Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті азаматты анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді. Егер Сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз.

 

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАСЫНДА «ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕК» ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

admin

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 4 МЫҢ ДАНА БЕТПЕРДЕ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ

admin

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: ТҮРКІСТАН БИЫЛ ТОЛЫҒЫМЕН ГАЗБЕН ЖЫЛЫТУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШЕДІ

admin