Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкентте ұялы телефон ұрлығы ізі суымай ашылды

2021 жылдың 30-маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз азамат, сөмкесінде тұрған құны 200.000 теңге тұратын «Айфон 7» маркалы ұялы телефонын қоғамдық көлік ішінде ұрлап кеткенін көрсеткен.
Әл-фараби АПБ ЖПҚБ №22 УПП учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің ізіне түсіп, көп ұзамай қолға түсірді. Ұсталған адамның бұрын Шымкент қаласы аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар – жоғы тексерілуде.
Әл-фараби ауданы Полиция басқармасының тәртіп сақшылары азаматтардан қырағылық танытуын, бағалы заттарын автокөлік ішінде, дүкенде, ойын– сауық орталықтарында қараусыз қалдырмауын сұрайды.

 

Ұқсас жаңалықтар

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

admin

ЖАС МАМАНДАРДЫҢ НЕКЕ ҚИЮ РӘСІМІ ӨТТІ

admin

«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: А. МАМИН ШЫМКЕНТ ПЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТОҚЫМА ЖӘНЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІ ӨНДІРІСІН АШТЫ

admin