Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкентте несие алып, төлемей жүрген алаяқ ұсталды

2021 жылдың 1-шілдесінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, шағын несие ұйымынан «А» есімді азаматша, жалпы 1.500.000 теңге несие алдырып, алайда қазіргі таңда несиесін төлемей жүргенін көрсеткен.
Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті азаматты анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді. Егер Сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз.

 

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ ДИҚАНДАР 457 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ҚАРБЫЗ-ҚАУЫН ӨНДІРДІ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ 77 КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ

admin

ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАЛА ЖАСТАРЫ ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ

admin