«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес отырысының кездесуі өтті.

Кеңес отырысында «Жастарды қолдау, тұлғалық даму және бос уақытты тиімді өткізу» бойынша және «Жас отбасыларды қолдау және жастарға қолжетімді баспана» беру бойынша ұсыным жинақталды.

Аталмыш мемлекеттік бағдарламалар аясында Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Қыпшақбаев Нұрлан Бейсенұлы және Шымкент қаласының тұрғын үй басқарма басшысы Рысжанов Азамат Жақыпбекұлы баяндама жасады.

Отырысты жүргізіп отырған «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қалмұратов Мұратәлі Оразалыұлы 10 негізгі басымдықтан тұратын қалалық сайлауалды бағдарламаларды іске асыруда Жол картасын орындау әрқашан партия филиалының басты назарында екенін атап өтіп, партияның қоғамдық кеңестерінің жұмысы да жүйелі түрде елдің, қала мен экономиканың нақты салаларының өзекті бағыттары бойынша жұмыс жасау керек — деді.

Мәжіліс соңында қалалық партия филиалының жанындағы жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңесіне және кеңес төрағасына ең негізгі 4 тапсырма жүктелді:

1. Сайлауалды бағдарламаны іске асырудың Жол картасына талдамалық зерделеу жасап, 2021 жылдың 15 шілдесіне дейін қалалық филиал төрағасы, қала әкіміне сараптамалық анықтама енгізу;

2. Қаланың даму тұжырымдамасына талдама жасап, жол картасындағы белгіленген бағыттар бойынша тоқсан айын көшпелі мәжілістер ұйымдастырылсын;

3. Шымкент қалалық мәслихатына жастардың өзекті мәселелері бойынша тоқсан сайын ұсынымдар әзірленсін;

4. Жол картасын орындауда салғырттық танытқан партия мүшелерін (орын алған жағдайда )Партиялық бақылау комиссиясына партиялық жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізілсін.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.