Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Абаттандыру ережесін бұзған тұрғынға әкімшілік шара қолданылды

Шымкенттік полицейлер «Таза қала» профилактикалық іс-шарасы барысында қала аумағына рейд жүргізуде.
Әл-фараби ауданы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары Анар әже көшесі, № 58 үйдің алдына құрылыс қалдықтары үйінділерін төгіп тастағанын анықтаған. Абаттандыру қағидаларын бұзған жергілікті тұрғынға ҚР ӘҚБтҚ-нің 505-бабына сәйкес, әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарына абаттандыру қағидаларын бұзған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Шымкенттік полицейлер балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді

admin

Елбасы «Қазақстандағы 100 жаңа есiм» жобасына қатысушылармен кездестi

admin

Шымкент: Жыл басынан бері жасөспірімдердің қатысуымен 1000-нан аса әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

admin