Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ПАРАСАТ ЖОЛЫ – АДАЛДЫҚ ЖОЛЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің жанындағы қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі С.Мәжінбеков және «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар Орталық кеден зертханасының кедендік сараптама бөлімінің ұжымымен жиын өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты — парасаттылық құндылықтарын ел ішінде кең көлемде насихаттау арқылы ел азаматтарының бойына адалдық қасиеттерін дәріптеу және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу.

Қатысушыларға парасаттылық – ашық әрі адал қоғамды қалыптастыруға негіз болатын құнды қасиет екені жеткізіліп, атадан қалған асыл құндылықтарды дәріптеу арқылы әлеуметтік кеселдің алдын алу – бүгінгі күннің басты талабы екенін атап өтті.

Шарада жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстар мен  бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактісі туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу барысы баяндалды.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті: бір күнде 172 тонна қоқыс шығарылды

admin

ТҮРКІСТАН: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОП ЖЕТЕКШІСІ ТҮРКІСТАНДЫҚ ТОП МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

admin

ШЫҰ-ҒА МҮШЕ ЕЛДЕРДІҢ 300-ДЕН АСТАМ ДЕЛЕГАТЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ЛАГЕРІНЕ ЖИНАЛДЫ

admin