Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Патрульдік полицейлер жол ережесін бұзған жүргізушілерді анықтау мақсатында арнайы рейд өткізді

2021 жылдың 7-шілдесінде Шымкент ҚПД Патрульдік полиция полкінің инспекторлары рейд өткізді. Іс-шараның мақсаты — жүргізушілердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының санын төмендету. Рейд барысында автокөлігінің терезесін күңгірттеп алған, жүргізуші куәлігінсіз, мемлекеттік нөмірсіз көлік басқарған жүргізушілер ұсталды.
«Бүгін кезекті рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып отыр. Жол-көлік оқиғаларын алдын-алу және болдырмау, мақсатында шалғай мекендерде (Сайрам, Қызылжар) рейдтік іс-шаралар қолға алынды. Қазіргі таңда жол жүру ережесін бұзғандар бойынша 82 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып отыр. Оның ішінде 42 автокөлік автотұраққа қойылды. Мас халде автокөлікті басқарған 2 көлік жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды »-деді Шымкент ҚПД ППП бастығының орынбасары полиция майоры Шерзод Эшматов.
Алдағы уақытта мұндай рейдтер жол-көлік оқиғаларының санын төмендету мақсатында өз жалғасын таппақ.

 

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ПРЕЗИДЕНТТІҢ БАСТАМАСЫН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ ДЕП БАҒАЛАДЫ

admin

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ КЕНТАУДАҒЫ ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫН ПЫСЫҚТАДЫ

admin

«Немересі үшін»: Шымкентте 95 жастағы зейнеткер жерлеу рәсіміне жинаған ақшасын алаяқтарға берген

admin