Шымкенттік полицейлер жер алып беремін деп, алдап кеткен азаматты анықтады

   2021 жылдың 10-шілдесінде Қаратау АПБ-ның «102» нөміріне жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, белгісіз азамат жер алып беремін деп сеніміне кіріп, 1.600.000 теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп, қазіргі уақытқа дейін ақшасын не жер алып бермей жүргенін көрсеткен.
Аталған жайт бойынша Криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті жердің тұрғынын анықтап, жеткізді. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері алаяқтық жайты орын алмас үшін танымайтын бөгде адамдарға ақша бермеуге шақырады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.