Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкент: Полицейлер көліктің қосалқы бөлшегін ұрлаған азаматты анықтады

Еңбекші ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, белгісіз тұлға үйінің ауласында тұрған көлігінің құны 49.000 теңге тұратын қосалқы бөлшегін ұрлап кеткенін көрсеткен.
Арыз бойынша, жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Еңбекші АПБ №42 УПП учаскелік полиция инспекторларымен оқиғаға қатысы бар азамат тиісті мекемеге жеткізілді. Тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындарына қылмыс орын алған жағдайда, тез арада ‹‹102›› нөміріне хабарласуды сұранады.

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА БІР КҮНДЕ БЕС АУЫЛҒА ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

admin

Дархан МЫҢБАЙ, Мәжіліс депутаты: … бүкіл жүйеге кір келтіруден арыла алмай келеді

admin

ТҮРКІСТАНДА «БИЗНЕСТІ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯНЫ ҚОРҒАУ» ФОРУМЫ ӨТТІ

admin