Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкенттік полицейлер ұялы телефон ұрлаған тұрғынды 30 минутта ұстады

2021 жылдың 12-шілдесінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, белгісіз тұлға, Шымкент қаласында орналасқан асханалардың бірінде құны 100.000 теңге тұратын «Samsung Galaxy A-2» маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткенін көрсеткен.
Әл-фараби АПБ №30 УПП учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің ізіне түсіп, көп ұзамай қолға түсірді. Ұсталған адамның бұрын Шымкент қаласы аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар – жоғы тексерілуде.
Әл-фараби ауданы Полиция басқармасының тәртіп сақшылары азаматтарды сақтыққа шақырып, бағалы заттарын автокөлік ішінде, дүкенде, ойын– сауық орталықтарында қараусыз қалдырмауын сұрайды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Шымкенттік полицейлер бір аптада ортақ пайдаланатын орынды ластаған 25 құқықбұзушыны жауапкершілікке тартты

admin

ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫ ЕУРОПА ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

admin

ТҮРКІСТАН: «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТҚА ҰСЫНЫЛҒАН ҮМІТКЕРЛЕР ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ

admin