🔹Осы бағдарламаның орындалу барысы мен кездесіп жатқан кедергілерді азайту мақсатында тұрғындармен кездесу өтті.
🔹Кездесу барысында Асар-2 тұрғын үй алабының тұрғындары келесідей мәселелерді айтты:
1. Тұрғын үй алабында ешқандай спорт алаңшасының болмауы;
2. Қауіпсіздікті сақтау мақсатында жаяу жүргіншілер жолының жоқтығы;
3. Жол мәселесі. Ондағы асфальттың әлі күнге дейін төселмеуі;
4. Қоғамдық көліктің өте сирек қатынауы;
🔹Осы мәселелер бойынша Шымкент қалалық маслихат депутаты Алимбек Аслан Асар-2 тұрғын үй алабына қыркүйек айында жаңа спорт алаңшасы пайдалануға берілетіндігін жеткізді.
