Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкентік полицейлер тұрғындарға медициналық бетперде таратуды жалғастырып жатыр

Еңбекші аудананының Полиция басқармасының ұйымдастыруымен «COVID-19» инфекциясының алдын алу мақсатында игі іс-шара өтті. Миллионды қаланың көшелері мен көпшілік орындарда полициейлер медициналық бетперделерді тегін үлестірді. Арнайы белгісі бар бетпердені тарату барысында полицейлер Шымкент қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің соңғы Қаулысына сәйкес, қала аумағындағы карантин талаптарының сақталуына байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Айта кетейік, акция барысына қала тұрғындарына  200 дана тегін медициналық маска таратылды. Ондағы мақсат — азаматтардың бетпердені ұдайы тағып жүру қажеттігін түсіндіріп, арнайы дағдыны қалыптастыру. Қауіпті індетпен күресу барысында медицина қызметерлерімен бірге полицейлер алдыңғы шепте жұмыс атқарып келеді.

Осы орайда, полиция қызметкерлері жергілікті жұрттан сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.

 

Ұқсас жаңалықтар

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ МЕРДІГЕРЛЕРГЕ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫСҚА ҚОСЫМША ЖҰМЫС КҮШІН ТАРТУДЫ ТАПСЫРДЫ

admin

ОҚО-да Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен алқалы жиын өтті

admin

ANTIKOR LIVE: ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІМЕН 100-ДЕН АСТАМ ҚЫЛМЫС ТІРКЕЛГЕН

admin