Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкенттік полицейлер алаяқтық жолмен ақша тауып жүрген азаматшаны анықтады

Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, белгісіз тұлға абоненттік номерінен SMS ретінде келген ‹‹құпия сөз›› сандарын біліп алып, есеп-шотында болған 200.000 теңгені өзіне иемденіп кеткендігін көрсеткен.

Аталған жайт бойынша,  Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Түркістан облысы, Шұбарсу елдімекенінің тұрғынын анықтап, басқармаға жеткізді. Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.  

Өз кезегінде, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындарын бөгде адамдарға сеніп, алданып қалмауға кеңес береді.

 

Ұқсас жаңалықтар

AMANAT АРТҚА ШЕГІНБЕЙДІ, АЛҒА ҰМТЫЛАДЫ

admin

ШҰҒЫЛ ШТАБ КОРОНОВИРУСҚА ҚАРСЫ ЖҰМЫСТЫ КҮШЕЙТТІ

admin

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ТУРАЛЫҚҚА БАСТАЙТЫН КЕЗЕКТІ МУРАЛ САЛЫНДЫ

admin