Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкенттік полицейлер мемлекеттік бағдарламасы арқылы ақша шығарып беремін деп, алдап соққан алаяқты ұстады

2021 жылдың 28-шілдесінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, белгісіз тұлға сеніміне кіру арқылы, мемлекеттік бағдарламасы арқылы ақша шығарып беремін деп, 20.000 теңге қаражатын алаяқтық жолмен иемденіп кеткенін көрсеткен.
Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті азаматты анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді. Егер Сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз.

 

Ұқсас жаңалықтар

ОҚО: Сайрам ауданында 1 мыңға жуық мал бордақылау алаңы бар

admin

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА МИНЕРАЛДЫ СУ ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН МЕН ШИПАЖАЙ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

admin

Түркістан: Жеке меншік мектепке дейінгі мекемелерде негізсіз тексерулер тоқтатылды

admin