Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысы

Биыл 5 елдімекен көгілдір отынмен қамтылады

Шымкент қаласында қазіргі уақытта 81 елдімекеннің 40-ы табиғи газбен толық, 33 елдімекен жартылай қамтылған. Ал 8 елдімекен — Тұран, Көкбұлақ, Ақтас, Батыс, Қайнарбұлақ, Тәуелсіздік 20 жыл, Айкөл, Сәуле 276 орам елдімекендері газбен қамтуды қажет етеді.

Қала тұрғындарын көгілдір отынмен қамту мақсатында 18 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

2021 жылдың соңына дейін АГРС-3 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталады. Аталған нысан іске қосылған соң, қаладағы әлеуметтік, кәсіпкерлік және өндірістік нысандар сапалы және үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін 5 елдімекенде құрылыс жұмыстары аяқталады. Оның нәтижесінде, Азат, Асар-2, Достык, Бадам-195 орам және Алтынтөбе елдімекендеріндегі 11 мыңнан астам тұрғынның табиғи газға қолы жетпек.

Жыл соңында қала тұрғындарын көгілдір отынмен қамту көрсетшісі 93%-ға жетеді, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Ұлттық валюта бағамы долларына 341 теңгеге жуықтады

admin

ФРАНЦУЗДЫҚ ҒАЛЫМДАР ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ

admin

Каратистка Берульцева принесла Казахстану восьмую бронзу Олимпиады-2020

admin