Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысы

Биылғы жылы Шымкент қаласында 93 жоба іске асырылуда

Биылғы жылы Шымкент қаласында 93 жоба іске асырылуда. Оның ішінде ауыз су бойынша – 14, кәріз жүйесі – 13, электр энергиясы – 20, табиғи газбен қамту – 18, жылу жүйелері – 3 және инженерлік инфрақұрылым бойынша – 25 нысанның құрылыстары қолға алынған.

Биылғы жылы ауыз суды кестемен тұтынуға мәжбүр 5 тұрғын алап пен шағын аудандардың екеуінде ауыз су жүйелерінің құрылысы жүргізілсе, су тасымалдап ішетін 7 елді мекеннің тұрғындары орталықтандырылған су жүйелерімен қамтылмақ.

Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновке биылғы жылдың алты айында атқарылған жұмыстар туралы есепті қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Болатбеков кеңінен айтып өтті, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған qazaqjoly.kz.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОРТАҚ ЖАЙЫЛЫМ ЖЕРЛЕРДІ ҚАЙТАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

admin

СОТТАЛҒАН АЗАМАТТАР ЖАҢА ЖОБА АЯСЫНДА АРНАЙЫ ОҚУ ОҚЫП, ЖҰМЫС ІСТЕЙ АЛАДЫ

admin

ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАСЫМЕН ЖҮЗЕГЕ АСҚАН САЯСИ РЕФОРМАЛАР МЕМЛЕКЕТТІҢ ДАМУЫНА ТЫҢ СЕРПІН БЕРДІ

admin