Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысы

Шымкент: магистралды жүйелер бойынша 3 нысанның құрылысы басталды

Шымкент қаласында магистралды жүйелер бойынша 3 нысанның құрылысы басталған. Ішкі орамдық су жүйелерінің құрылысы 11 шағын ауданда жүргізіліп отыр. Құрсай шағын ауданын қамтитын ауыз су нысанының құрылысы 2022 жылы аяқталмақ.

Қала тұрғындарын ауыз сумен қамту мәселесін жіті қараған қала әкімі М.Әйтенов магистралды жүйелер ең басты арна екендігін еске салып, оның құрылыстарын ішкі орамдық жүйелерден бұрын аяқтау керектігін міндеттеді.

Жоба құрылыстары барысында инженерлік желілер өтуі тиіс жерлердің меншік иелерінің келісімін алу процессін созбалаңға салмай жеделдетіп шешу керектігіне көңіл бөлді. Ең бастысы, межеленген жұмыстарды мерзімдерінде аяқтап, іске қосуды тапсырды.

Құрылыс жұмыстарына тартылған жұмысшылар бригадаларының санын көбейту мәселесін қарастырып, ішкі орамдық су жүйелерінің құрылыстарын күзгі және қысқы кезеңдерге қалып кетпеуін қадағалауды, тұрғындар жаңбырлы күзде жер қазу жұмыстарынан батпақ кешіп, зардап шекпеуі керек екендігін қатаң ескертті, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған qazaqjoly.kz.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН МЕН ТАШКЕНТ ОБЛЫСТАРЫ ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУДА НАҚТЫ ІСТЕРДІ ҚОЛҒА АЛДЫ

admin

96 жастағы француз өмірінің соңғы демінде Димашты бір көруді армандап отыр

admin

Шығыс жұлдызнамасы: БАРЫС ЖЫЛЫ

admin