Ұлттық бояудан жұрдай жиын БАҚ-тың базары емес, тобырдың тойы болғандай…
Сәуле Мешітбайқызы:
Елордада баспа, радио және интернет журналистика саласына арналған тұңғыш ұлттық «Үркер» сыйлығын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Олар 1 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақыға ие болды.
Ұлттық реңктен жұрдай жиынға куә болдық. Басқосудың басынан-аяғына дейін шағын оркестрдің сүйемелдеуімен «даңғаза әуен» ойнап тұрды. Ұлттық сыйлықты тапсыратын кезде қазақтың ұлттық-аспаптар оркестрін шақырсақ, қылымыз қисайып қала ма? Ұлттық әуен ести алмай арманда кеттік..
Салтанатты кештің басында-ақ үстіне қара көйлек киген қыз-жігіттер бір түсініксіз музыкамен би биледі. Сандарын жалтыратқан қыздар, әйелдің киімін киген қызтеке-жігіттер. Ал, ендеше! Әртүрлі ұлттың өкілдерінен құралған биші қыздар аяқтарын аспанға атып, бұтындағы көкпеңбек іш киімдерін көрсетіп әлек болды. Бұл не сонда?! Батыстың бейәдеп биі мен әніне табыну ма? Ұлттық рухымыз асқақтағанның орнына жынды әуен мен тобырлық мәдениеттің туы желбіреді. БАҚ-тың базары емес, тобырдың тойы болғандай әсер қалды. Ұлттық сана мен ұлттық намысты тобырлық мәдениеттің аяғына жығып бердік.
elana.kz