Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысы

Шымкент – Қазақстанның шахмат астанасы

Халықаралық Шахмат Федерациясының президенті (ФИДЕ) Аркадий Дворкович Шымкент қаласына арнайы сәлемхат жолдады. Ол Шымкентте

8-18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының қатысушылары мен ұйымдастырушыларына ыстық ықыласын жолдаған.

«Биылғы турнир Сіздерде өтіп, шахматтан жаңа жас таланттарды анықтағанына сенімдімін және Шымкент – елдің шахмат астаналарының бірі атануға құқылы екенін тағы да дәлелдеді» ,- деп атап өткен хатта.

Сондай-ақ, ФИДЕ президенті жарысты өткізгені үшін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновке және чемпионаттың демеушілеріне алғысын білдірген, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған qazaqjoly.kz.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңаруға апарар жол

admin

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты аясында 30 үздік жобаға 3 миллион теңгеден беріледі

admin

Қаратау ауданындағы 12 мың тұрғын мемлекеттік электр қуатына қосылады

admin