Ұлт руханиятының жауы қазақтың қызы болғаны ма?
Қазақы ұяң мінез бен қарапайымдылықтың символы болған қыздарымызға не болып барады?
Қазақ қызы дегенде ойыңа бірден қой аузынан шөп алмас момын, сыпайы, ұяң, күннің көзіндей күліп тұратын, істеген ісі мен сөзі бір-біріне лайықты қыз келмей ме? Ал қазір ше?
Сол қазақ қызы деген атқа кір келтіріп, әлеуметтік желінің «түнгі көбелегі» болып жүрген бойжеткендерімізге не айта аламыз? Тіпті, әлеуметтік желіде жыныстық қатынасқа түскен өз видеоларын қазақ қыздары сата бастағаны халықты шошытып отыр. caravan.kz медиа-порталының хабарлауынша друг-вокруг желісінде қазақ қыздары белгілі бір мөлшердегі телефон бірліктері үшін жалаңаш суреттерін сататындығы мәлім болып отыр. Жас қыздарымыз өздерінің құлын мүсінін барынша тартымды етіп суретке түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеп қояды екен. Тіпті, телефон бірлігіне жыныстық қатынасқа түскен видеоларын да саудалайтын көрінеді. Қазір әлеуметтік желіні көпшілік нағыз жезөкшелік ордасына айналдырып алғаны жасырын емес. Ал сол орданың «гүлі» болып жүрген өзіміздің қаракөз қыздарымыз ғой.
Мұндай сорақылықтар тек әлеуметтік желімен ғана шектеліп қоймай, қазақтың тойларына да көше бастағанын көргенде қалай жағаңды ұстамайсың?Қазақтың тойында стриптиз билеп, елді дүрліктірген бойжеткендеріміздің видеолары да күн өткен сайын артып келеді. Одан бөлек, жас қыздарымыз батыс үлгісіндегі қызойнақ өткізуді де әдетке айналдырып алған. Мерекенің басты сәні әрине тұрмысқа шығатын қыз бен оның құрбылары деп хабарлайды new.times.kz порталы. Мұндай кештердің 80 пайызында қыздар стриптиз билейтін жігіттерге тапсырыс береді екен. Қысқасы стринг киген еркектер Астананың ерекше кештер нарығын жаулап алған. Қандай жиіркенішті деңізші.
Қазағым, қайда майдаланып барамыз? Бұрынғы заманда қыз-келіншектеріміз елдің қамын ойлап, ел басқару ісіне де араласып, «нар ана» болып отыратын еді. Қазақтың талай батыры сол «нар аналардың» арқасында шыққан. Атам қазақ «қыз өссе елдің көркі»-деуші еді. Ал қазір, сол қыздың өскенінен қорқатын заман болғаны ма? Түнгі клубтың «көбелегі» болып жүрген қыздарымыздан ертең қандай батыр, қандай нар тұлғалар дүниеге келмекші? Кімге барып, қайда барып мұң шертеміз? Елімізді құрдымға кетіретін, елдің абыройынан айыратын жауымыз өз ішімізден, қыздарымздан шығып отыр. Өзіміздің қазақтың қыздарын қазаққа жау дейміз бе?