Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкентте полицейлер карантин режимінің сақталуын қатаң бақылауда

Қаратау ауданының тәртіп сақшылары Сырым батыр көшесінің бойында орналасқан кафенің карантин талаптарын бұзып, «Ашық» бағдарламасына тіркелмей, 21:10-ға дейін жұмыс жасап тұрғаны белгілі болды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік нысан жұмысшылары медициналық бетпердесіз қызмет көрсеткен.

Аталған жайт бойынша, жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен  (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.

Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын карантин режимін қатаң сақтауға шақырады.

 

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИСТІК СЛЕТ ӨТІП ЖАТЫР

admin

Қарауылға қырандай қырағылық керек

admin

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫ ЖОБАЛЫҚ БАСҚАРУ ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

admin