Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысы

Баланың құлағынан 40-қа жуық құрт шықты

Желіде дәрігердің баланың құлағынан құрттарды алып жатқан сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды BAQ.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға еліміздің қай өңірінде болғаны белгісіз. Видеоны түсіріп тұрғандарды тыңдап, бұл жағдайдан баланың ата-анасының да бейхабар екенін байқауға болады.

Видеожазбада көрінгендей, дәрігер баланың құлақ қуысының ішінен тірі құрттарды алып жатып, оны санап тұр.

Қазақ ғылыми зерттеу ветеринария институты мамандарының айтуынша, баланың құлағындағы құрттар етке түсетін шыбынның дернәсілдері болуы мүмкін.

Қазақ ғылыми зерттеу ветеринария институты директорының орынбасары, ветеринария ғылымының докторы, профессор Аида Әбдібекованың айтуынша, етке қонатын шыбындар жаз айларында пайда болатындықтан, тұратын жерді үнемі таза ұстау керек.

 

Дереккөз: tengrinews.kz

Ұқсас жаңалықтар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҚОРЫНЫҢ БАСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

admin

Қазақстан мен Грекия арасындағы туристік байланыс артады

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН АҚТӨБЕ ӨҢІРІНІҢ СУ БАСҚАН АЙМАҚТАРЫНА 30 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ

admin