Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыны

Алғашқы серпін

Ел тәуелсіздігі орнаған күннен бастап, әлемдік сахнада Қазақстан өзін көпұлтты, бейбіт мемлекет ретінде танытуда. Осыған дәлел ретінде 1995 жылы Президент Жарлығымен Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан үшін тарихи маңызды оқиға деп атап өткен төл теңгемізді шығару фабрикасының ашылу рәсімі өтті. Осы уақыттың ішінде ұлттық валютамыз – теңгенің тұғыры бекіді, елімізде макроэкономикалық тұрақтандыру процесі іске асты. Қазақстанның экономикалық-қаржылық тәуелсіздігі толық айқындалып болды. Республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Жалпыхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында «Парламент» ұғымы алғаш рет ресми турде бекітілді. Тұңғыш Президент, Елбасы Н.Ә.Назарбаев екіжақты байланыстарды дамыту, республикада экономикалық реформаларды тереңдетуге қолайлы жағдай туғызуды бақылауға алу міндеттерін алдыңғы қатарлы мәселелер тізбегіне енгізді.

Жалпы қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикамыз дамудың жаңа бір белесіне шықты. Отыз жылдық тарихы бар егемендігіміз бізге талай ауыр, қиын замандарды өткеру арқылы келді. Елі үшін, Отан үшін қанша боздақтарымыздың ерен ерлігінің арқасы екенін ұмытпауға тиіспіз.

Көк байрағымыз еркін желбіреп, тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ОҚЫТАТЫН ҰСТАЗДАР 100 ПАЙЫЗ КОМПЬЮТЕРМЕН ҚАМТЫЛҒАН

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӨЗБЕКСТАННЫҢ ҮШ ОБЛЫСЫМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

admin

МАҚТААРАЛДА ЗАМАНАУИ АВТОБЕКЕТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

admin