50 жасар «сәби»

 

Үндістанда тұратын Басори Лалды бір көрген адам сәби екен деп қалады. Себебі, оның бойы – небәрі 73 см. Бүгінде 50 жастағы ер адамның бойы 5 жасынан кейін мүлде өспей қалған.

 

Басори Лал қазір ағасы Гопидің отбасымен бірге тұрады. Оны көру үшін күніне ондаған адамдар үйіне ағылып келіп жатады. Ал Басори өзін күнделікті қажеттіліктері бар басқалар сияқты адаммын деп санайды. Тек бір өкініштісі, өзінің бойының өспей қалуына не себеп болғанын сол күйі біле алмаған. Себебі, бала күнінде оны дәрігерлерге қаратуға ата-анасының ақшасы болмаған, ал қазір бұл өзін де аса қызықтырмайтын көрінеді.

Кіп-кішкентай бойына қарамастан, Басори жергілікті фабрикада жұмыс істеп, ағасының отбасын асырауға көмектесіп отыр. Оның өз отбасын құруға ниеті де жоқ. Себебі, өзін осы қалпында да бақытты сезінетінін айтуда.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.