Тәуелсіз елім бар!

Тәуелсіздік — қазақ елінің сан ғасырдан бері арманы еді. 1991 жылғы 16-желтоқсанда ата-бабамыздың ақ түйенің қарны жарылған арманы орындалды.  Қимастықпен берілген Тәуелсіздік қайта келуі де оңай болған жоқ. Бұл ретте Жас мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың тарихи еңбегі деп білеміз. Тәуелсіздік біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы тәуелсіздіктен бастау алды.

1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан Республикасы Біріккен ұлттар ұйымының мүшесі атанды. Сондай-ақ, осы жылы мемлекеттік рәміздер — әнұран, елтаңба және туды жасауға конкурс жарияланды. 1992 жылдың 4 маусымында ҚР президенті «ҚР мемлекттік туы», «ҚР мемлекеттік елтаңбасы», «ҚР мемлекеттік әнұраны туралы» заңға қол қойды.

1993 жылдың 28 қаңтарында Жоғары кеңес Қазақстан Республикасының тұңғыш Ата заңын қабылдады. Мұнымен қатар, қазақ тілі мемлекеттік тіл болып, ұлттық валюта енгізу жөнінде мемлекеттік комиссия құру туралы шешім қабылданды.

1994 жылы бір топ қазақстандық студент алғаш рет «Болашақ» бағдарламасы аясында шетелдік жоғары оқу орындарына жіберілді. Аталған стипендия түлектердің кәсіби маманданып, қызметте табысты жоғарылауына көмектеседі. Бүгінде «Болашақ» түлектері көптеген мемлекеттік қызметте, отандық және халықаралық ұйымдарда, акционерлік қоғамдарда жұмыс істеп жүр.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.