Сапалы білім арқылы саналы ұрпақ қалыптастыру міндеті белгіленді

Шымкент қаласында Білім және ғылым министрлігіне қарасты ұйым – Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан балалардың құқықтарын қорғау міндеті бойынша арнайы мониторингтік топ құрылып, жеткіншектердің құқығын қорғау бойынша қоғамдық бақылау жүргізеді. Осы бағытта департаментте сенім телефоны ашылып, жауапты маман бекітілген. Әлеуметтік желілер контентінде «Бала қорғау» айдарымен жедел көмек беру чаты іске қосылып, оған қаланың мыңнан аса тұрғындары қосылған.

Департаменттің атқарып отырған қызметімен мұқият танысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов, сапалы білім арқылы саналы ұрпақ тәрбиеленетініне назар аударып, білім сапасын арттыруда білім беру ұйымдарының арасында саналы бәсекелестікті орнықтыру керектігіне көңіл бөлді.

Шымкент қаласында биылдың өзінде жекеменшік 16 мектеп іске қосылатынын атап өткен қала басшысы, осы санаттағы білім беру ұйымдарындағы білім сапасы тұрақты бақылауға алыну керектігін атап өтті. Мұғалімдердің кәсіби дайындығы жоғары, оқушылары оқу озаты болып табылатын мектептердің үлгісін барлық білім беру ұйымдары зерделеп, жұмыстарын осы бағытта жетілдіруге талпындыру керектігіне назар аударды.

Білім саласын жетілдіруде департаменттің атқарып отырған қызметі маңызды екенін атап, Мемлекет басшысы жариялаған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты бойынша департаменттің қызметі жөнінде БАҚ өкілдері үшін тұрақты брифингтер өткізіп тұруға шақырды.

Н.Шамшиева жұмыс тиімділігін арттыруда қолдау көрсеткен қала әкіміне алғысын жеткізе отырып, мектептер мен балабақшалар салуға жеке инвестиция тарту көрсеткіштері бойынша Шымкент республикада алдыңғы қатарға шыққандығын атап өтті. Педагог кадрларды жұмысқа орналастыруда, мектеп директорларын ротациялауда мейлінше жариялылық қамтамасыз етіліп жатқандығына тоқталды.

Шымкент қаласы білім саласына қаржы бөлу көрсеткіштері бойынша елімізде алдыңғы орында тұрғандығына назар аударып, педагогтар мен оқушылар артылған үмітті ақтайтынына сенім білдірді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған qazaqjoly.kz.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.