Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысы

Игілік тұрғын алабында электр желілерінің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады

Шымкент қаласының Абай ауданы Игілік тұрғын алабында ауыз су жүйелерінің құрылысы 2020 жылы аяқталған болатын. Ауыз су құбырының ұзындығы – 85,9 шақырым. Құрылысты «СМК и 7 –Ж» ЖШС атқарды.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов елдімекендегі инженерлік-инфрақұрылым нысандары бойынша атқарылған жұмыстарды пысықтады. Бүгінде құрылысы басталған электр желілерінің жалпы ұзындығы – 25,4 шақырым. Мердігер мекеме құрылысты биыл IV тоқсанда аяқтауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, тұрғын алапта 13,4 шақырым 30 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары орындалды. Мердігер «Асфальт» ЖШС аталған жұмыстарды толығымен аяқтады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған qazaqjoly.kz.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІК МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ХҚО-ЛАРДЫҢ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ ӨЗГЕРДІ

admin

МАҚТААРАЛДА ДҮБРЛІ НАУРЫЗ ТОЙЫ ӨТТІ

admin

ШЫМКЕНТТЕ МОНОПОЛИСТ КОМПАНИЯЛАР ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢАРТУҒА ИНВЕСТИЦИЯ САЛЫП ЖАТЫР

admin