«Астана» Юрмалада «Спартакты» ұтты

Футболдан Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі бірінші ойында «Астана» Латвияның «Спартак» командасын 1:0 есебімен ұтты. Юрмалада өткен кездесуде жеңіс голын Патрик Твумаси соқты деп хабарлайды qazaqjoly.kz сайты kaz.vesti.kz  сілтеме жасап.

Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ алға ұмтылған «Астана» алаң иелері қақпасына жиі шабуылдаумен болды. «Спартак» ойыншылары Александр Мокин қорғаған қақпаға қауіп төндіре қойған жоқ. Дегенмен бірінші 45 минутта есеп ашылмады.

Екінші таймда юрмалалық команда да жүйелі ойынымен көзге түсе бастады. Астананың бірінші таймдағыдай шабуылы көп үдемеді. Десе де Станимир Стойлов шәкірттері жеңіске бастар жолды таба білді. 73 минутта Патрик Твумасидің айып соққысынан тепкен добы алаң иелері қақпасында тулады. Футболшы бұрын ойнаған командасына құрмет ретінде соққан голына ерекше ынта танытып қуанбады.


Қос команда арасындағы қарымта ойын 19 шілде күні «Астана Арена» стадионында өтеді.

 

Дерексөздер kaz.vesti.kz сайтынан алынды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.