Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысы

Ынтымақ-2 шағын ауданының тұрғындары биыл сапалы электр қуатымен қамтылады

Абай ауданы аумағында орналасқан Ынтымақ-2 шағын ауданын сапалы электр қуатымен қамту жұмысы ағымдағы жылдың шілде айында басталған болатын. Бүгінгі күнге дейін 3 мыңға жуық электр бағаналары орнатылып, құрылыс жұмыстарының 40 % аяқталды.

Құрылыс жұмыстары мердігер мекеме «А. Мерей и К» тарапынан қарқынды жүруде. Яғни, елдімекенді сапалы электр қуатымен қамту үшін 4 бригадада 20-дан астам коммуналдық қызметкер жұмылдырылған. Құрылыс жұмысы 2021 жылдың соңына дейін аяқталып, жобаға сәйкес, шағын ауданда орналасқан 2318 тұрғын үй электр қуатымен қамтылады.

Сондай-ақ, Ынтымақ-2 шағын ауданындағы ауыз су мәселесі де биыл шешімін таппақ. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 95 % аяқталды. Аталған шағын ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы мердігер мекеме «Компания Ахмет»ЖШС-гі тарапынан құрылыс жұмыстары басталған болатын.

Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың қараша айында аяқталып, Ынтымақ-2 шағын ауданының тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтылатын болады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған qazaqjoly.kz.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДАҒЫ ҮШ АУЫЛҒА ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

admin

А.ҚОҢЫРОВ, Мәжіліс депутаты: Кейбiр өңiрлерде жағдай бұдан да қиын

admin

АРЫС ҚАЛАСЫНДА ЭКОАКЦИЯ АЯСЫНДА ҮЙ АУЛАЛАРЫН ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРДІ

admin