Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысы

Өткен жылу маусымында табиғи газдан улану жағдайы екі есеге төмендеген

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан 2021-2022 жылғы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Өткен жылу беру маусымында тұрғын үйлерде 61 өрт тіркелген болатын. Бұл көрсеткіш 2019-2020 жылғы маусымға қарағанда 41 %-ға артып отыр.

Тұрмыстық газ құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу нәтижесінде табиғи газдан уланудың 5 оқиғасы тіркеліп, салдарынан 4 адам қайтыс болған.

Өткен маусыммен салыстырғанда улану саны екі есеге (1,8 есе), қаза болғандар екі жарым есеге (2,75), жарақаттанғандар саны 33 % — ға төмендеген, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған qazaqjoly.kz.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР ӨТЕДІ

admin

Абай ауданының әкімі мобильді топпен бірге мониторинг жұмыстарын жүргізді

admin

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ «АУЫЛ АМАНАТЫНЫҢ» МҮМКІНДІКТЕРІН ПАЙДАЛАНУҒА ШАҚЫРДЫ

admin