Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысы

Жылыту маусымына дайындық кестеге сәйкес жүргізілуде

Шымкент қаласының аудан аумақтарында 2021-2022 жылғы қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Еңбекші ауданы аумағында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлерде жылыту маусымына дайындық жұмыстарын оңтайландыру мақсатында сервистік қызмет көрсететін мекемелермен келісімшарт жасау қажеттігі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары атқарылды.

Аталған құжатқа сәйкес мекеме тұрғын үйлердің жылыту жүйесін қысыммен тексеру және жуу, вентильді жөндеу, тығыздамалардың төсемдерін ауыстыру, жылыту жүйесін жоспарлы профилактикалық тексеру жұмыстарын ұдайы жүргізіп отыратындығы егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Айта кетейік, Еңбекші ауданында 530 жылу қабылдайтын көпқабатты үй тіркелген. Оның ішінде 295 үй жылыту маусымына дайын, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған qazaqjoly.kz.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА САЯХАТТАП КЕЛУШІЛЕР САНЫ АРТТЫ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 3 ЖЫЛДА 100-ГЕ ЖУЫҚ МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

admin

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 5 ЖЫЛДА 10 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

admin