Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысы

Тұранда жол құрылысы қарқынды

Шымкент қаласы, Қаратау ауданы әкімі аппараты қызметкерлері «Тұран» шағынауданындағы «Әдия» тұрғын үй кешенінде салынып жатқан жол құрылысымен танысты.

Құрылыс жұмыстарымен танысу барысында мердігер мекемеге тұрғындар сұранысына сәйкес аталған аумаққа қоқыс алаңшаларын орнату, ирригациялық арықтар салу бойынша келіссөз жүргізілді.

Мердігер мекеме құрылыс жұмыстарының мүмкіндігіне қарай, жоғарыда аталған қоқыс алаңшаларын орнату, ирригациялық арықтар салынатынын мәлімдеді.

Бүгінгі таңда, «Тұран» шағынауданындағы «Әдия» тұрғын үй кешенінде -2 мыңға жуық тұрғын бар. Шағынауданның жолдар құрылысын-«Әлем Строй» ЖШС мекеме жүргізуде, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған qazaqjoly.kz.

Ұқсас жаңалықтар

В Шымкенте около 2000 работникам оказана помощь по взысканию заработной платы

admin

Шымкентте 3000 мыңға жуық азамат қоғамдық жұмыстарға жолданды

admin

МАҚТААРАЛДЫҚ ШАРУАЛАР ОЗЫҚ ЖӘНЕ СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН МЕҢГЕРУДЕ

admin