Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТҮСІНДІРУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар және ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Ә.Ахметова Абай және Әл-Фараби біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі басқармасының ұжымымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында кездесу өткізді.
Басқосуда сыбайлас жемқорлыққа қарсы Заңнамаларға енгізілген соңғы жаңашылдықтар таныстырылып, жиынға қатысушылардың назарына қолданысқа енген өзгерістердің маңыздылығы түсіндірілді.
Пара берушілер де, пара алушылар да қатаң жазаланатындығы айтылып, қорғаныс саласы қызметкерлерінің ел мүддесі жолында адал қызмет етудің маңыздылығы ортаға салынды.
Штаб мүшесі адалдық, парасаттылық, әділдік құндылықтарын қоғам арасында кеңінен насихаттау қажеттігіне тоқталды.
Сонымен қатар, жемқорлық деңгейін төмендету, әскери қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында ашылған «Қарулы Күштер — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысы таныстырылды.
Шара қорытындысымен қатысушылар жемқорлықпен бірлесе күресуге шақырылып, жемқорлық фактілеріне тап болған жағдайда Агенттіктің тәулік бойы жұмыс жасайтын 1424 Call-орталығына хабарласуға шақырылды.

Ұқсас жаңалықтар

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

admin

ТҮРКІСТАН: ФУТБОЛДАН АУДАН ӘКІМІНІҢ КУБОГІ САРАПҚА САЛЫНДЫ

admin

Абаттандыру ережесін бұзған тұрғынға әкімшілік шара қолданылды

admin