ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК СПОРТШЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Түркияның Адана қаласында жекпе-жектің джиткундо түрінен әлем біріншілігі өтті. Дүбірлі сайыста Түркістан облысы, Келес ауданының өрені Нұрболат Ақылбек бақ сынап, чемпион атанды. Жерлесіміз аталған спорт түрінен 22 жылдан бері бір салмақпен екі профильде топ жарған алғашқы спортшы атанды. Айтулы додаға әлемнің ең мықты спортшылар қатысты.
Нұрболат Нұрлыбекұлы 2003 жылы Келес ауданында дүниеге келген. Адымен 8 жасынан бастап боксқа қатысқан. Кейін джиткундоға қызығушылығы оянып, осы спорт түрімен тұрақты айналысып келеді. Жаттықтырушысы – Бекзат Жалал. Жетістіктеріне тоқталатын болсақ, бмыл Шымкент қаласында панкратион спортынан 84 келі салмақта облыс чемпионы атанса, наурыз айында Алматы қаласында өткен ушу саньда спортынан 85 келі салмақта ел чемпионы атанған. Облысты және республиканы бағындырған жерлесіміз Түркияның Адана қаласында 75 келі салмақта әуесқойлар арасында әлем чемпионы атанды.
Айта кетейік, бүгінгі таңда елімізде жауынгерлік күрес түрлері қарқынды дамып келеді. Әсіресе жекпе-жектiң джиткундо деп аталатын түрiне қызығушылар саны артып отыр.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.