Шымкенттік полицейлер оқушыларға құқықтық сауаттылық жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді

  Шымкент қаласы аумағында Полиция департамент тарапынан «Абайлаңыз — балалар!» тәртіптік іс-шарасы өткізілуде. Оның басты мақсаты — автомобиль жолдарындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу, жасөспірімдер жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалыс ережесін насихаттау болып табылады.

   Осыған орай, Шымкент ҚПД Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторлары полиция майоры Ернар Қошанов пен полиция капитаны Бақыт Нұрсейітов №77 А.Асқаров атындағы жалпы орта мектептің жоғары сынып оқушыларына құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында сабақ өткізді.

      Дәріс барысында оқушылар туындаған сұрақтарына жауап алып, өз ойларын ортаға салды. Тәртіп сақшылары оқушыларды тәртіпті болуға, адамгершілікті ұстануға, жақсы оқуға, уақытты тиімді пайдалануға және спортпен шұғылдануға шақырды. Кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі туралы хабардар етілді.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.