ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 170 МЫҢ АДАМ САНАҚҚА ОНЛАЙН ҚАТЫСТЫ

Бүгінгі жағдай бойынша Түркістан облысында 2021 жылғы Ұлттық халық санағынан онлайн режимінде 167 948 респондент өтті. 14 күннің қорытындысы бойынша Сайрам ауданы алда тұр. Онлайн санақтан өткен тұрғындардың 27 мыңға жуығы осы ауданда тіркелген. Екінші орында 21 мың адаммен Қазығұрт ауданы тұр. Үздік үштікті әр аудан 14 мың адаммен Түлкібас пен Ордабасы аудандары түйіндеді.
Қазақстан Республикасында 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап 30 қазан аралығында Қазақстан Республикасы халқының кезекті ұлттық санағы өткізілуде. Биылғы санақ өзгелерінен ерекше, яғни Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап 15 қазан аралығындағы кезеңде интернет желісі арқылы sanaq.gov.kz мамындырылған сайтында тәулігіне 24 сағат бойы онлайн режимде өтуде.
Онлайн санақтан өтпегендер 1-30 қазан аралығында интервьюерлердің сауалдарына жауап бере алады. Барлық сауалдар бойынша 1446 байланыс орталығына хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.