ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА 100 ЖАСТАН АСҚАН ҚАРИЯЛАР ОНЛАЙН САНАҚҚА ҚАТЫСТЫ

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының 100 жастағы тұрғыны жалпыұлттық халық санағынан алғашқылардың бірі болып өтті. Ақсақал пандемияға қатысты кейінге шегерілген саяси науқанның басталғанын асыға күткенін айтады. Соғыс ардагері Эрмохан Ишхонов жылдар бойы авиациялық әскери қызметте болған.
I дәрежелі «Ұлы Отан соғысы», «КСРО Гвардиясы», «1941-1945ж Отан соғысы» ордендерімен, «Мінсіз қызметі үшін», «Ерлігі үшін» және басқа да 20-дан астам медальдармен марапатталған. Жеті баланың әкесі бүгінде олардан 33 немере, 49 шөбере, 6 шөпшек сүйіп, немеренің қуанышына бөленіп, шөберелерінің қолынан су ішкен жайы бар.
101 жастағы Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылының тұрғыны Жадыра Кескенбаева Ұлттық халық санағына қатысу бақыты бұйырғанына шексіз риза. Ғасыр жасаған қарияға онлайн санақтан өтуге шөбере, шөпшектері көмектескен. 1920 жылы дүниеге келген әжей 3 ұл 4 қыз тәрбиелеп өсірген көпбалалы ана. Бүгінгі таңда олардан 35 немере, 82 шөбере, 4 шөпшек сүйіп отыр.
«Халық санағын асыға күттік. Санаққа қатысып, тіркеуге жазылғанымыз үшін бақыттымыз. Баршаңызға Алла біздің жасымызды берсін. Біз секілді немере, шөбере, шөпшек көріңіздер», -деп алғысын білдіріп, ақ табасын берді қария.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.