Шымкентте терезесі күңгірттелген жеңіл көлік иесіне хаттама толтырылды

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жол қауіпсіздігінің алдын алу және жол қозғалысы ережелерін сақтау мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері тұрақты түрде жедел-профилактикалық іс-шараларды жүргізуде.

Мәселен, Патрульдік полиция полкінің инспекторлары қызмет атқару барысында терезесі күңгірттелген және қауіпсіздік белдігін тақпаған жеңіл көлікті тоқтатады. Яғни Жібек жолы көшесінің бойында, «Toyota Land Cruiser» маркалы автокөліктің алдыңғы терезесі күңгірттелген және қауіпсіздік белдігін тақпауына байланысты тоқтатылып, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы (күңгірттеу) және ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабына (қауіпсіздік белдігін тақпау) негізделе отырып 2 әкімшілік хаттама толтырылған.

Осы ретте тәртіп сақшылары жүргізушілерге өз өмірін қатерге тікпеуге кеңес береді. Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол жүру ережелерін сақтауды сұрайды.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.