ТҮРКІСТАН: «АДАЛ БОЛҒЫН, БІЛ, АДАЛДЫҚ — КИЕЛІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ

Жастардың арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау және терең білімнің маңыздылығын түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен жүйелі түрде «Адалдық сағаты» науқаны өткізілуде.

«Адалдық сағатының» негізгі мақсаты — өскелең жас ұрпақтың өн бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.

Жастар назарына ұсынылған кезекті дәріс көрнекті ақын, ойшыл-философ Жүсіп Баласағұнның «Адал болғын, біл, адалдық — киелі» тақырыбымен аталып, жас ұрпақты бас ақынның жақұтты жырларымен әділ, әрі парасатты тұлға болып қалыптасуларына бағытталды.

«Адалдық сағаты» науқаны аясында Түркістан қаласындағы Ж.Тәшенов атындағы №23 IT — мектеп-лицейінде өтіп жатқан шараға Департаменттің басқарма басшысы Ғабит Жүндібаев арнайы қатысып, шараның маңыздылығын алға тартты.

«Елдің ертеңі саналатын болашақ ұрпағымызды жастайынан Отан сүйгіштікке, адамдарды және дәстүрлерді құрметтеуге, білім мен еңбекке ұмтылуға, көрегенділік пен адалдыққа тәрбиелеу — парызымыз. Сондықтан әрбір ата-ана, әрбір ұстаз балалар үшін лайықты үлгі болуға, нағыз қастерлі қасиеттерді таңдауға көмектесуі қажет»,- деді Ғабит Өмірәліұлы.

📗Бейнедәрісті Түркістан облысы бойынша 5 — 11 сынып оқушылары бойынша жалпы 70 мыңға жуық жасөспірім тамашалады.

Кезекті «Адалдық сағатын» әзірлеген Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаменті білім беру саласы — ел ертеңін қалыптастыруда айрықша маңызға ие екендігін және жемқорлық көріністері жиі ұшырасатын саланың бірі екендігін назарға ала отырып, бүгінгі күні облысқа қарасты 903 мектеп пен 68 кәсіптік-техникалық білім беру ошақтарында және 2 жоғары оқу орнында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ», «Саналы ұрпақ», «Парасаттылық мектептері» сынды жобаларды сәтті жүзеге асырып келеді.

Айта кетсек, тұңғыш рет 2019 жылдың 2 қыркүйек күнінен бастау алған «Адалдық сағаты» бүгінгі күнге дейін ұлы кемеңгерлердің даналық ойларына негізделе отырып, дәстүрлі түрде республика көлемінде өткізіліп келеді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.