Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА «ҰСТАЗДАР АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында мұғалімдер мерекесі қарсаңында Т.Рысқұлов мектеп-лицейі алаңынан «Ұстаздар аллеясы» падалануға берілді. Ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Абдуллаев және аудан көлеміндегі ардагер ұстаздар қатысты. Ондағы орындықтар глобус, кітап, қаламсап секілді мектеп құралдарының кескінімен жасалған. Кітап қойылған ескерткіштің авторы – Өрісбай Көпеев. Ол – аудандық мәслихаттың хатшысы.
Ұстаздардың төл мерекесі Мәдениет үйінде жалғасып, қазығұрттықтар ұлы мамандық иелерінің еселі еңбектерін айтып құттықтады. Бірқатар мұғалімге «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі берілсе, еңбегі ескерілген бірнеше мұғалім аудан әкімі мен аудандық мәслихатың алғыс хаттарымен марапатталды.

 

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЛДЫБЕКОВТІҢ ҚАНЫ ҚАЙНАП ЖҮР

admin

Шымкентте Республика күніне орай жас полицейлер ант қабылдады

admin

Мерекені бірге атап өтейік!

admin