Сот шешімі орындалуымен құнды

Сот шешімдерінің мүл­тіксіз орындалуы елімізде заңдылықтың қатаң сақталатындығын көрсетеді. Мемлекетіміз тәуелсіздік алған кезден бері атқарушылық іс жүр­гізу саласы қоғам дамуының бағытына ыңғайластырыла келе бірнеше рет реформаланды. Сот
шешімдерінің орын­далуын түпкілікті жақ­сарту қажеттілігі туралы Елбасы нақты тапсырма берген.

Елбасының «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 27­қадамында көзделген жеке сот орындаушылары инсти­тутын одан әрі дамыту және мемлекеттік сот орындаушылары қызметін кезең­кезеңімен қысқартуды қамтамасыз ету ерекше маңызға ие екені көрсетілген.

Сот актілерінің жедел әрі уақтылы орын­далуын қамтамасыз ету негізінде, Қазақстан Республикасының Әділет Министрінің 29.12.2015 жылғы №652 бұйрығымен бекітілген жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық құжаттарын бөлу ережесін орындау мақсатында, 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап, Астана қаласы аумағында Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жеке сот орындау­шылары арасында автоматты бөлу пилот­тық жобасы іске қосылған. Бұл «Автобөлу функционалы» атқарушылық құжаттарды жеке сот орындаушыларының арасында жедел, әділ, уақтылы және авто­матты бөлінуін қамтамасыз етеді.

Алайда, заңды күшіне ене тұра, ұзақ уақыт бойы орындалмай келе жатқан сот актілері де баршылық. Онымен қоса, борыш­керлер сот шешімін орындау ­дан жал­тарып, сот орын­дау шысына түскенге дейін сот шешімін өз еркімен орындамай жүреді.
Сот тарапынан борыш­керлерге сот актісін өз еркімен орындау үшін уақыт беріледі.
Азаматтық істер бойынша сот актісі заңды күшіне енгенге дейін, әкімшілік іс бойынша 30 тәулікке дейін, ал қылмыстық іс бойынша екі ай мерзімге дейін айыппұлды төлеуге уақыт беріледі. Берілген уақыт аралығында сот актісі орындалмаған жағдайда, ол мәжбүрлі түрде орындату үшін жеке сот орындаушыларына жолданады. Сот
шешімін орындаудан жалтарған борышкерді Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669 ­бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хаттама жасақтап, сотқа жолдаған кезде, сот қаулысымен борышкерге айыппұл салады немесе әкімшілік қамауға алады. Сонда ғана борышкер сот шешімін нақты орындау керек екенін ұғ ынады. Осы негіз бойынша Арыс аудандық сотында биылғы жылы 33 іс қаралып, 9 іс бойынша айыппұл салынып, 24 іс бойынша
әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қолда­нылған.
Жұмысын тиімді әрі сапалы атқарған сот орындаушыларына сот тарапынан жеке
сот орындаушыларының республикалық немесе өңірлік палатасына ұсыныс жазылып,
олар марапатқа ұсынылады. Тиісінше, өз міндеттеріне немқұрайлы қарап, төмен нәтиже көрсеткен сот орындаушыларына жауап кер­шілігін қарастыру мәселесі бойынша ұсыныс жолданады.
Қазіргі таңда әрбір облыста жеке сот орын­даушылардың өңірлік палатасы қалыптасып
өз жұмысын атқару үстінде. Алайда, жеке сот орындаушылардың жауапкершілігін шешу
барысында және жұмыстарына бақылау немесе қадағалау жүргізу бойынша өңірлік палатаның өкілеттіктері мен жауапкершілігін арттыру керек деп санаймын. Себебі, талап пен бақылау бар жерде жұмыстың сапасы мен нәтижесі болады. Өйткені сот актілерін тиімді орындау – мемлекеттік заң жүйесінің маңызды шарты,
мемлекетке деген сенімнің кепілі.

А.Ертаев

Арыс аудандық сотының төрағасы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.