Шымкенттің Бас полицейі БАҚ өкілдеріне баспасөз брифингін өткізді

Бүгін қала әкімдігі жанындағы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетовтің қатысуымен қаладағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша баспасөз брифингі өтті.
Баспасөз мәжілісінде Ералы Мұсаәліұлы қылмыстың алдын-алу мен ізін суытпай ашуда «Қауіпсіз қала» аясында әкімдіктің қолдауымен көшелермен көп қабатты үйлердің аулаларына орнатылған бейнекамералардың тиімділігіне ерекше тоқталды: «Мәселен, жылдың соңына дейін 3740 бейнеқондырғылар орнату жоспарланған, оның ішінде 2240 жол қауіпсіздігін, 1500-і қоғамдық қауіпсіздікті түсіреді. Сондай-ақ, осы бейнеқондырғылар 120 көше қиылыстарына 1440 бейнеқондырғы, көшелердің бойына 200 орынға 800 бейнеқондырғы, халық көп шоғырланатын орындар мен үй аулаларына 1500 бейнеқондырғы орнату жоспарланып отыр. Бұл игі бастама арқылы, Шымкент – қауіпсіз қала екендігі құнтталмақ».
Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының айтуынша, халық тығыз орналасқан шағынаудандарға заманауи үлгідегі 100 мобильдік полиция пунктерін салу жоспарланған. Осы бағытта, қоғамдық орындарда құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында SOS дабыл нүктелерін орнату қолға алынды. Аталған іс-шаралардың нәтижесімен қоғамдық орындар мен көшелерде жасалатын құқықбұзушылықтар және қылмыстардың саны азаятынына сенім мол.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.