Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысы

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету қоғамның ортақ міндеті

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова басқармаға қарасты №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмысымен танысты.

Жалпы орталықта көмекке мұқтаж, жасы 18-ден асқан, I — II топтағы психоневрологиялық аурулары бар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 8 бағыт бойынша қызмет көрсетіледі. Қазіргі таңда орталықта 225 мүмкіндігі шектеулі азаматқа көмек көрсетілуде.

-Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету қоғамның ортақ міндеті. Жақын арада орталық көпфункционалды кереуеттермен, арнайы құралдармен және мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдау мақсатында арнайы автокөлікпен қамтылды,- деді басқарма басшысы.

Орталықта қызмет алушыларға барлық жаңдай жасалынған. Мұнда 3 медициналық бекет, 100 адамға шақталған асхана, 2 тренажерлық зал, қызмет алушыларға ыңғайлы пандус пен лифт бар, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған qazaqjoly.kz.

Ұқсас жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА ҮЙІРМЕЛЕР ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

admin

Жолайрық құрылысына байланысты Рысқұлов көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

admin

Инвестициялық штабтың отырысы өтті

admin