ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ 1,6 МЛН ТҰРҒЫНЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН

Ағымдағы жылғы қыркүйек айындағы мәлімет бойынша МӘМС жүйесінде сақтандырылған түркістандықтардың саны шамамен 1,6 млн адамды құраған.
Сонымен қатар, жалдамалы жұмысшылар үшін жарналар мен аударымдарды төлемеген жұмыс берушілер де бар. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңға сәйкес, жарна төленбесе үш айдан соң жүйеден шығарылады. Сондықтан жұмыс берушілер жалдамалы жұмысшыларға МӘМС жүйесі бойынша жарнаны тұрақты төлеуді түсіндіруі тиіс. Егер жалдамалы жұмысшылар жұмыстан шықса не жалақысы сақталмайтын демалысқа кетсе, онда жүйеге өз бетінше жарна төлеуіне болады.
МӘМС үшін мүлдем жарна төлемегендерде бар. Оларды МӘМС жүйесіне тартуға байланысты Қормен бірлесіп медициналық ұйымдардың учаскелік қызметкерлері, мемлекеттік кірістер басқармалары, жергілікті әкімдіктер ақпараттық насихаттық жұмыстар жүргізуде.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.