ТҮРКІСТАНДА БАБАЛАР РУХЫНА 100 ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫ ЖАСАЛДЫ

Киелі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде бабалар рухына 100 Құран хатым дұғасы жасалды. Игі іс-шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, елімізге танымал қарилар, облыс бас имамдары мен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан өтетін республикалық байқауға әр аймақтан келген жас қарилар, үміткерлер қатысты.
«Бүгінгі игі іс-шараға ұйытқы болған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына алғысымды білдіремін. Киелі Түркістанды түлету — баршамыздың ортақ ісіміз», — деп атап өтті Өмірзақ Естайұлы.
Тарихи іс-шарада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Біз ата-бабасын ардақтаған, әулие-әмбиесіне құрмет көрсеткен халықпыз. Республикалық Құран оқу байқауы қарсаңында қариларымыз жүз рет Құранды толық хатым етті. Бүгін осы оқыған қасиетті Құран аятын бабалар рухына бағыштап отырмыз», — деді.
Бас мүфти бастаған дін қызметкерлері мен қарилар еліміздің игілігі мен болашағы үшін құрбан болған батырларымыз бен хан-сұлтандарымыздың, талай нәубетті замандарда репрессияға ұшыраған ата-бабаларымыздың рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштап, жарылқау тіледі. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің ертеңі мен халқымыздың бірлігі мен амандығы үшін дұға жасады.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.