Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкенттік полицейлер алаяқтық жасаған азаматты ұстады

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері жергілікті тұрғынды алдап, алаяқтықпен айналысқан азаматтың қылмысын әшкереледі.

 

2021 жылдың 12-қазанында Әл-Фараби АПБ-на қала тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, танысы кәсіпкерлер палатасы арқылы қайтарымсыз 585 мың теңге алуға көмектесемін деп, сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 110 мың теңге ақшасын алдап алғанын көрсеткен.

Әл-Фараби АПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынды анықтап, тиісті басқармаға жеткізді.

Осы орайда, тәртіп сақшылары қала тұрғындарына алаяқтың құрбаны болмас үшін, бейтаныс адамдарға сенбеуді сұрайды.

 

Егер де, Сіз алаяқтардың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада «102» арнасына хабарласуды ұмытпаңыз.

 

Ұқсас жаңалықтар

КӨШІ-ҚОН САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ СЫРТҚЫ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin

ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН АЛАҢДАТҚАН МӘСЕЛЕЛЕР ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА ҚАРАЛДЫ

admin

«ОҢТҮСТІК» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

admin