Пробация ұғымы, мақсаты және міндеттері

  1. Пробация-санаттары заңмен айқындалған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін олардың мінез-құлқын түзеуге бағытталған бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы қызмет түрлері мен жеке айқындалатын шаралар жүйесі.
  2. Пробация мақсаты:

1) күндіктінің, айыпталушының мінез-құлқын түзеу;

2) сотталған адамды әлеуметке қосу;

3) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесінен босатылған адамды әлеуметтік бейімдеу және оңалту арқылы қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылады.

  1. Көрсетілген мақсатқа сәйкес мыналар пробацияның міндеттері болып табылады:

1) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;

2) бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардың заңмен айқындалған түрлерін орындау;

3) бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жүрген сотталғандарға, шартты түрде сотталғандарға, бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандарға бақылау жасауды жүзеге асыру;

4) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталған адамды босатуға дайындауға қатысу.

С.Мейрашов,

Шымкент қалалық №3 пробация қызметі бөлім инспекторы  әділет аға лейтенанты.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.